Білектер бәсекесі енді 🌱NIS Ақтөбе қызметкерлері арасында жалғасты. Мектебіміздің 8 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған спорттық сайысқа ұстаздар, оқу-көмекші және техникалық қызметкерлер қатысып, күш сынасты. Жарыс ережесіне сай қарсыластар оң қол және сол қолдарымен күресіп, жеңімпаздарын анықтады. Қорытынды бойынша 📌 I орынды арнайы техника инженері Максим Мацина иеленді, ал II орынға инспектор Бауыржан Отаров жайғасса, III орын педагог-ұйымдастырушы-куратор Әділет Қайдасовқа бұйырды. Құттықтаймыз!