«Балалық шағымның аспаны»

Биылғы жыл – балалар жылы деп жарияланды. Оның үстіне бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде «Балалық шағымның аспаны» атты мерекелік шара өтті.

Балаларды мектеп спорт алаңында ұстаздар дайындаған қызықты ойындар мен би, батпырауық ұшырудан тартысты ойын мен түрлі тосын сыйлар күтіп тұрды. Жадыраған жаздың ең алғашқы күнінде асхана қызметкерлері тәтті балмұздақтар таратты.

Жазғы мектеп оқушылары мен зияткерлерге қағаздан ұшақ жасап ұшыру алаңы, «Мельница» ойыншығын жасау бойынша, «Голубь мира»сурет салу шеберлік сағаттары, асық, доп ойнау алаңдары ұйымдастырылып, қолдарына аквагрим мен «Мехенди» суреттері салынды. Психология қызметі түрлі ойындар жүргізді