Арман Жалғасбаев робототехника бойынша «KIRC.KZ – 2021» халықаралық жарысының I орын иегері

Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Арман Жалғасбаев 💡«ақылды маска» ойлап тапты. Бұл өнертабысы I орынға лайық деп танылып, оқушыға 💰300$ көлемінде ақшалай сыйлық пен диплом табыс етілді. Жоба жетекшісі мектебіміздің физика пәні мұғалімі – Жанкулов Жәнібек Азаматұлы. Робототехника бойынша халықаралық жарысқа ұсынылған 📌«RUD SMART MASK» жобасы 😷респираторлық маска мен қоршаған орта анализаторы функциясын атқара алады.
⁃ Маска негізгі екі бөліктен тұрады: біріншісі, ауадағы газды анықтауға арналған талдағыш пен сигнал беруші құрылғы, олар bluetooth-модуль арқылы ақпарат таратады, ал екінші бөлігі сүзгі есебінде қолдануға болатын маска, ол ағзамызды ластанған ауа мен вирустан қорғайды. Тұтынушыға ыңғайлы болу үшін екі компонент өзара неодим магнитімен жалғанып тұр, – дейді қатысушы.

😷Маска қазіргі уақытта көптің қажеттілігіне айналғандықтан, оның сапасы әрі қайта пайдалану мүмкіндігі аса маңызды. Осы тұрғыда жас өнертапқыш «Ақылды масканы» тазалауға арналған 🔵RUD STAND құрылғысын да жасады.

⁃ Маска фильтрі ультрамедколь, спанбонд, белсендірілген көмір қосылған мата және акрилден жасалды, ал бұл аппарат оны арнайы ультракүлгін сәулелер көмегімен бірнеше минут ішінде жаңалап береді. Нәтижесінде маска қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, – дейді ақтөбелік зияткер.

✔️Айта кетсек, 🏫Ш.Уәлиханов мектебі ұйымдастырған халықаралық жарысқа 🇷🇺 Ресей мен 🇺🇿 Өзбекстан, 🇹🇷 Түркия мемлекеттерінен де жобалар ұсынылды. Әлемдегі короновирустық пандемияға байланысты байқау онлайн форматта өтті.