Ақтөбенің қос күмісі

Ақтөбе қаласындағы Зияткерлік мектебінің екі футбол командасы Желілік Спартакиаданың облыстық кезеңінің күміс жүлдегерлері атанды.

Үш күн бойы жаттықтырушы Базаргүл Срымованың тәрбиеленушілері бірде-бір рет ұтылмай, жанкүйерлерге ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Ақтөбе НЗМ футболшылары 6 ұпай жинап, спартакиаданың ақтық кезеңіне сенімді түрде жолдама алды.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша Nis Aktobe ұлдар командасы да мамыр айында елордада өтетін финалға шықты. Төрт матчта 12 гол соғылса, сегізінші сынып оқушысы Имран Садақбаев 6 гол соғып, «Үздік шабуылшы» атанды.