Ақтөбелік зияткерлер 💡«Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясында 📚білім, серіктестік, ❤️қайырылымдылық және 🌏экологиялық бағыттарын дамытып, бірқатар іс-шараларды қолға алды. 📚Білім бағытындағы 11G және 11D сыныптарының ✔️«KomekTez»,✔️«Hand to hand» жобалары денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға қашықтан математика мен ағылшын пәндерінен қосымша дәріс өткізеді, ал 8Е және 12C сыныптарының ✔️«Kemel Duties» жобасы ЭЦҚ-ны алу жолдарын үйретеді. Одан өзге 8A және 12D сыныптарынан құралған «Озат» шаңырағының ✔️«Ozat English Club» жобасы №46 ОМ оқушыларына ағылшын пәні бойынша қосымша сабақ береді, сондай-ақ 11C және 9C сыныптарының ✔️«Study Buddy» жобасы 🌱Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуді жоспарлап жүрген 6-сынып оқушыларын дайындайды. Қазіргі уақытта оқушылар 40-қа жуық қала және аудандарда тұратын көпбалалы, толық емес немесе аз қамтылған отбасылардың балаларын қашықтан емтиханға дайындап, өз білімдерімен бөлісіп келеді. Бұл жайында ☀️«Қайырлы таң, Ақтөбе» ақпаратты-сазды бағдарламасында 11С сынып оқушылары @modelleene Аружан Бишекенова мен @tyzhnv_ Әсия Тайжанова айтып берді.