Young Environmental Team командасы өңірдегі табиғи мекендерді тазалауға кірісті. Ақтөбедегі NIS оқушыларының бастамасымен құрылған YET клубы қоғамның экологиялық мәдениетін эко-тұлға тәрибелеу арқылы арттыруды көздеп отыр. Оқушылар тұрғындарды экологияны ластамауға, қаламызды таза ұстауға шақыру мақсатында эко-жорықтар ұйымдастырып, жазғы демалыстарын пайдалы әрі тиімді өткізуде:
– Алғашқы эко-жорығымызды Ақтөбе су қоймасында ұйымдастырдық. 20-ға жуық волонтердің көмегімен 40 қап қоқыс жинадық. Бізді, шындығында, қаламыздағы қоқыстың көптігі алаңдатады. Әр адам өзі туған өлкесінің табиғатын таза ұстауға мән беруі керек деп ойлаймыз. Алдағы уақытта да эко-жорықтарымызды жалғастырып, замандастарымызға ісімізбен үлгі болғымыз келеді, – дейді жоба координаторы Жадыра Амангелдиева.
