Зияткерлік мектепте белгілі тұлғамен «100 вопросов взрослому» атты дәстүрлі кездесу өтеді. Бұл жолғы шараның қонағы 2015 жылғы NIS Ақтөбе түлегі Рахмет Сейілхан болды. Ол туған мектебінің қабырғасында өтіп жатқан футзалдан желілік спартакиадаға қатысушыларды қолдауға арнайы келген. Рахмет өз мамандығы бойынша құрылыс компаниясында жұмыс істейді. Бірақ 2019 жылы шағын футбол клубын ашып, ол өзінің бұрынғы арманын орындады. Қазір «Рахмет» футбол клубы қоғамдық бірлестігі облыс көлемінде өзін танытып, алғаш рет республикалық деңгейге шықты.
Кездесу өте қызықты өтті. Бір сағат ішінде көптеген сұрақтар қойылды: «Зияткерлік мектеп сізге не берді?», «Қай бағытта дамып жатырсыз?», «Неге клуб ашуды шештіңіз?», «Клуб сізге қандай табыс әкеледі? », «Ашылған кезде қандай қиындықтар болды?», «Неге клубты өз атыңызбен атадыңыз?» және басқалар.
Рахмет аула футболын дамыту, көп команда құру, спортқа дарынды балаларды анықтау басты мақсаты екенін айтты. Сондай-ақ ұлттық құрамада тек қазақстандық жігіттер болса екен деп армандайды. Ол үшін жергілікті балаларды спортқа тарту үшін арнайы үйірме құрды. Әңгіме барысында Ақтөбе NIS түлегі 5 жасынан бастап футболмен шұғылданғаны белгілі болды.
Спартакиада қатысушылары түлекке алғыстарын білдіріп, естелікке сыйлық табыс етті. Рахмет те қарап қалмады, кездесудің белсенді оқушыларына өз клубының жеке жейделері мен кружкаларын табыстады.