Ақтөбелік NIS оқушылары республикалық пәндер олимпиадасында топ жарды

Сәуір айының 18-і мен 23-і аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі болып өтті. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 951 оқушы қатысты.

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 11 оқушы қатысып, барлығы жеңіспен оралды.

Нәтижесінде:
🏆І орын – Айдана Айтөре (физика), жетекшісі: Мират Оспанов
🏆І орын – Алишер Еркебаев (физика), жетекшісі: Мират Оспанов
🏆І орын – Санжар Хамитов (география), жетекшісі: Рустам Валеев
🏆ІІ орын – Дидар Журунтаев (физика), жетекшісі: Мират Оспанов
🏆ІІ орын – Алихан Калмагамбетов (география), жетекшісі: Рустам Валеев
🏆ІІорын – Ерлан Ұлықпанұлы (география), жетекшісі: Рустам Валеев
🏆ІІ орын – Тұран Тұрсынбек (биология), жетекшісі: Гульназ Успанова
🏆ІІ орын – Камила Курамысова (құқық негіздері), жетекшісі: Назгүл Хаджи-Мұхан
🏆ІІІ орын – Болат Сұңқар (математика) Жетекшісі: Ергали Курмангалиев, Газиза Елешова, Мейрамбек Мұқаш
🏆ІІІ орын – Алина Мурзагалиева (орыс тілі), жетекшісі: Айгуль Минжасарова
🏆ІІІ орын – Асылбек Аманбаев (биология), жетекшісі: Гульназ Успанова

Республикалық олимпиадада жұлдызы жанған жүлдегер оқушыларды және олардың ұстаз-бапкерлері мен ата-аналарын қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Зияткерлерді дайындап, жеңіске жетелеген ұстаздарымыздың маңызы өте зор! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, биік шыңдарға жете беріңіздер!