Ақтөбедегі NIS қоржыны 5 жүлдемен толықты

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталды. Жоғары сынып оқушыларының білімі сарапқа салынған олимпиадада Ақтөбедегі NIS-тен қатысқан 5 зияткер жүлделі орындарға ие болды.

📌Атап айтсақ, география пәні бойынша 12-сынып оқушысы Рустам Валеев топ жарып, I орынды иеленді.

Ал II орынды орыс тілі пәнінен 11-сынып оқушысы Алина Мырзағалиева, физика пәні бойынша 10-сынып оқушысы Алишер Еркебаев және география пәнінен 10-сынып оқушысы Ерлан Ұлықпанұлы жеңіп алды.

Биология пәні бойынша 9-сынып оқушысы Тұран Тұрсынбек III орынды иеленді.

✔️Айта кетейік, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі 2021 жылдың 25-30 сәуірі аралығында өтті. Ақтық кезеңде Қазақстанның барлық өңірлерінен 1500-ден астам қатысушы бақ сынады.