Ақтөбедегі NIS қоржыны 11 жүлдемен толықты

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі аяқталды. Жоғары сынып оқушыларының білімі сарапқа салынған желілік олимпиадаға Ақтөбедегі NIS-тен 33 зияткер қатысып, оның 11-і жүлделі орындарға ие болды.

 

Атап айтсақ, география пәні бойынша 12-сынып оқушысы Рустам Валеев және физика пәнінен 10-сынып оқушысы Алишер Еркебаев топ жарып, I орынды жеңіп алды.

Ал биология пәнінен 9-сынып оқушылары Тұран Тұрсынбек және Асылбек Аманбаев, сондай-ақ орыс тілі пәні бойынша қатысқан Алина Мырзағалиева жүлделі II орынды иеленді.

Математика пәнінен 9-сынып оқушысы Мирас Мәлік , 11-сынып оқушылары Мәлік Төлеген мен Сұнқар Болат, география бойынша 10-сынып оқушысы Ерлан Ұлықпанұлы, құқық негіздері пәнінен 10-сынып оқушы Камила Курамысова және қазақ тілі бойынша Әнел Мәулетшәріп үздіктер қатарына еніп, жүлделі III орынға жайғасты.

 

Алғаш рет қашықтан өткен білім додасына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 700-ден астам оқушысы 15 пән бойынша қатысты. Бүгінде NIS 2021 желілік олимпиадасы тарихи шараға айналып үлгерді.