Ақтөбелік NIS оқушысы Санжар Хамитов ел тарихында тұңғыш рет географиядан EGеO – 2022 Еуропалық олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды. 11-сынып оқушысы 16-19 жас аралығындағы жоғары лига қатысушылары арасында абсолютті жеңімпаз атанды.
Бастапқыда Балқан географиялық олимпиадасы деп аталатын Еуропалық географиялық олимпиада – 12 мен 19 жас аралығындағы мектеп оқушыларының жыл сайынғы жарысы. VIII еуропалық географиялық олимпиада 2022 жылдың 24-29 маусымы аралығында қашықтағы форматта өтті және Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Литва, Латвия, Эстония, Сербия, Словения, Қазақстан, Румыния, Чехия, Болгария, Босния және Герцеговина елдерінен 111 қатысушыны біріктірді.
Санжар Хамитовтың жетістіктерінің қатарында география пәнінен республикалық, желілік олимпиадалардың алтын медальдары бар.
– Географияның көмегімен мен қоғамымыздың жан-жақтылығын көре аламын және әрқайсымызды, соның ішінде біздің планетамызды қамтитын күрделі кеңістіктік және уақыттық байланысты біле аламын. Жеңіске жету жолында мен күндегіден жақсы болу үшін бәрін жасаймын, – дейді EGеO-2022 алтын медалінің иегері Санжар Хамитов.
Айта кетейік, Санжардың жаттықтырушысы Ақтөбедегі Зияткерлік мектептің түлегі, ІGeO-2021 халықаралық географиялық олимпиадасының жеңімпазы Рустам Валеев.
– Олимпиада үш турдан тұрды – жазбаша, мультимедиялық, далалық. Және барлық турда Санжар жақсы нәтиже көрсетті, өйткені соңғы жылда ол олимпиадаға дайындықта айтарлықтай жетістіктерге жетті. Ол тәжірибелік және теориялық білімін үнемі жетілдіріп отырудың арқасында алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, барлық қатысушылардың арасынан ол ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергендігімен ерекшеленді, – деп атап өтті Рустам Валеев.
Енді Санжар Хамитов ІGeO және IESO халықаралық олимпиадаларына қатысады.