Ақтөбедегі NIS оқушысы – географиядан Еуропалық олимпиаданың жүлдегері

Рустам Валеев European Geography Olympiad байқауының күміс медаль иегері атанды. Үш күн ішінде 80-нен астам қатысушы олимпиада тапсырмаларын орындады. Биыл EGeO онлайн-форматта ұйымдастырылып, Еуропа мен ТМД-ның 14 елінен, оның ішінде Сербия, Түркия, Чехия, Қазақстан және Ресейден шыққан география пәнінің жас білгірлерін біріктірді.
География пәнінен Еуропалық олимпиада алғаш рет Белградта (Сербия) ұйымдастырылып, 2015 жылы географиядан Балқан олимпиадасы ретінде өткізілді. EGeO-ның басты мақсаты – жас ұрпақтың география мен экологияға деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ әр түрлі елдердің мектеп оқушылары арасында достық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік беру.