Ақтөбедегі NIS оқушысы CityU университетіне шақыру алды ⁣⁣⠀

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 Е сыныбының оқушысы Диас Саниязов Гонконг CityU университетінен 100% грант ұтып алды. Сонымен қатар Зияткер оқушы Жапонияның KUAS университетінің 50% грант иегері. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Диас «Компьютерлік ғылымдар» мамандығы бойынша оқуын жалғастыруды көздейді. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Гонконгта орналасқан CityU университеті Азиядағы үздік 20 жоғарғы оқу орны қатарында. 2022 жылғы QS World University Rankings рейтингінде университет 53-ші орында тұр.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

12-сынып оқушысы мектепішілік информатика пәнінен олимпиаданың жеңімпазы. SAT Reasoning тестінен 1390 балл, IELTS 7 балл жинады. Диас мектеп шараларында гитарада шебер ойнап, талайды таң қалдырған жас талант. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Диасты құттықтаймыз!