

– «Caspian Startup-2021» байқауының финалына жету – жобамның болашағы бар дегенді білдіреді. Баламалы энергияны пайдалану әлем бойынша қолға алынған тенденция, қазақстандықтар да бұған бағытталып келеді. Менің жобам жаңартылатын энергия көздеріне негізделгендіктен алдағы уақытта жел генераторлары мен күн панельдерін орнатып, олардың күнделікті өмірімізге енуі үшін жұмыс жасайтын компанияға айналады деген сенімім мол. Сондай-ақ еліміздегі үздік техникалық университеттің білім грантын иелену мені ерекше қуантты, – дейді Андрей Тимонин.
Айта кетейік, «Caspian Startup» – Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің авторлық стартап байқауы. Сарапшылар мен кәсіпкерлерден жиналған конкурстық комиссияның назарына Қазақстан, Әзірбайжан және Түрікменстанның жас зерттеушілері қатысқан 89 жоба ұсынылды. Байқаудың ақтық сынына 15 жоба жолдама алды.