Ұлттық құрамаға қосылу үшін 11-сынып оқушылары екі апта бойы күн сайын оқу-жаттығу жиындарында олимпиада тапсырмаларын жазды. Бұған дейін алған жүлделердің нәтижелері де ескерілді. Әлішер Еркебаев оқу-жаттығу жиындары қорытындысы бойынша тек 8 оқушы іріктеліп алынғанын айтты. География пәнінен іріктелген оқушылар сондай.
Алдағы уақытта Зияткерлер физикадан Азия олимпиадасына және география пәнінен Европалық олимпиадаға қатысады. Өткен жағдайда Халықаралық олимпиадаға жолдама алады.
Халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін ұлттық құраманың құрамын қалыптастыру кезінде ОЖЖ нәтижелері, республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің нәтижелері, өткен жылдардағы және ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың нәтижелері ескеріледі.