Ақтөбедегі NIS оқушылары #STEAMUP ұлттық байқауының 2-орын иегерлері

🔍#STEAMUP ұлттық байқауы күнделікті өмірімізде кездесетін 💡әлеуметтік, ✔️экономикалық және экологиялық мәселелердің шешу жолдарын іздестіреді. 20 күндік жобалар жарысында ақтөбелік зияткерлер жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Мектебіміздің 10-сынып оқушыларынан құрылған «Dana Solutions» командасы 5 тапсырма бойынша жоба әзірлеген: 🔹пандемияның ауыл мектептеріне әсері, 🔸еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық, 🔹білім ордаларындағы буллинг мәселесі, 🔸Қазақстандағы инфрақұрылым және 🔹Көбейтұз көліне қатысты заңнамалар. Осы тақырыптар төңірегінде зерттеу жасалып, оқушылар тарапынан мәселенің шешу жолдары қарастырылды. Айта кетсек, байқауға 600-ден астам жоба ұсынылып, жеңімпаз командалар 📄диплом және 🎁бағалы сыйлықтар алды.