Samsung компаниясының Solve for tomorrow жарысында Ақтөбе қаласындағы NIS 10-сынып оқушылары Нұршат Жұбаныш пен Әсет Үбниязов жеңімпаздары атанды. Төрт миллион теңге көлемінде ақшалай сияқыға ие болды. Олардың Nuret жобасы шахтадағы газдардың мөлшерін анықтайды. Өнертабыс метан мен сутекті талдау арқылы шахталардағы жарылыс қаупін азайтады.
Оқушылар бұл идеяның Ақтөбе облысында орын алған шахтадағы жарылыстан кейін туындағынан жасырмады.
– Бұл жобаны жасауға екі жыл бұрынғы Хромтаудағы шахта жарылысы түрткі болды. Қайғылы оғиға орын алған соң біз шахталарда метан, сутегі газдарының бөлінуінен жарылыстар болатынын анықтадық. Сондықтан осы жобаны ойлап таптық. Жоба ауадағы газ концентратциясын анықтап, мобильді қосымшада көлемін көрсететін болады, – дейді Әсет Үбниязов.
Зияткерлердің жобасы денсаулықты сақтап, экологияны қорғауға бағытталған. Ал Samsung Electronics Central Eurasia мұндай бастамаларға әрдайым қолдау көресеті.
– Бастапқыда біз мұндай құрметті бірінші орынды аламыз деп күтпеген едік. Бірнеше ай жұмыстанған жобамызды мықты мамандар жоғары бағалады. Бұл байқауда ең бастысы – басқа қатысушылармен танысып, ой алмастық, жобаларға арналған басқа тың идеялар алып, жаңа тәжірибе жинақтадық, – деп бөлісті Нұршат Жұбаныш.
Ақтөбедегі NIS-тен қатысқан Азамат Қалдашев пен Нұршат Жұбаныштың (ол екі жобада) тағы бір жобасы үздік он жобаның қатарына енді. Олардың Flood Control бақылау жүйесі аймақтағы су тасқыны туралы ескертеді. Оқушылар өнертабысы үшін үш жүз мың теңгеге сертификат жеңіп алды.
Samsung Electronics Корпоративтік Президенті Ин Йонг Риден марапат алған жас зияткерлер байқаудан шабыттанып келіп, ерекше құлшыныспен сабақтарына кірісті.
Биылғы жылы Қазақстанның түрлі қалаларындағы мектептерден 800-ден астам оқушы байқауға қатысуға өтінім берді. Samsung стартап байқауы жыл сайын өткізіледі және ол IT саласындағы креативті және заманауи шешімдерді анықтауға бағытталған.