Ақтөбедегі NIS оқушылары кезекті Көшбасшылар форумын өткізді

23 сәуір күні Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін облыс оқушылары арасында тарату мақсатында Ақтөбедегі NIS-тің өзін-өзі басқару ұйымы жыл сайынғы Көшбасшылар форумын өткізді. Кезекті шара қашықтан ұйымдастырылып, өңірдің 250-ге жуық белсенді білім алушыларын жинады. Форум барысында зияткерлер мектептегі волонтерлық қозғалы

 

Ал ғылыми жұмыстар бойынша 11-сынып оқушылары Арман Жалғасбаев «RudSmartMask» жобасын, Айдана Кенжебаева мен Айкен Алтай «Savvy window» жобасын, 10-сынып оқушысы Сая Курманалина «Tagam» мобилді қосымшасын таныстырып, қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты, ұсыныстарымен бөлісті. Сондай-ақ тарих пәні мұғалімі Асқар Бисенғалиевтің жетекшілігімен «Қашықтан оқыту форматы дәстүрліге қарағанда тиімдірек» тақырыбында дебат өтті.

 

– Көшбасшылар форумының негізгі мақсаты тәжірибе алмасу және өңірдің басқа көшбасшыларымен бірлесіп жұмыс істеу үшін мүмкіндіктер жасау болып табылады. Менің ойымша, биылғы жылғы жағдайға қарамастан, біз өз тәжірибемізбен бөлісіп, оқушыларды өзін-өзі басқарудың моделін құруға, сондай-ақ әртүрлі ғылыми және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қызықтыра алдық. Форум қатысушыларына белсенділік пен шынайы қызығушылық танытқандапы үшін алғыс айтамын! Алдағы уақытта нәтижелі жобалар жасайтынымызға сенеміз, – деп бөлісті мектеп президенті Самал Әли.