Қазақстанда алғаш рет ғылым, өнер және технологияның PRO.NRG FEST отбасылық фестивалі өтті. Жоба көрмесінде Ақтөбе қаласындағы NIS биология пәнінің мұғалімі Гүлназ Успанова STEAM білім берудегі тың идеясымен бөлісті. Мұғалім «Гуктың қаттылық заңы бойынша пластикалық бөтелкелерден кірпіш жасау» жобасын ұсынды.
– PRO.NRG.FEST фестиваліне қатыса отырып, мен спикерлерден қуат алып, ғылыми дәрістердің ақпарат ағынына енудің, шеберлік сабақтарында дағдылар алудың және гала-концертті көрудің бірегей мүмкіндігіне ие болдым. Уақыт тапшылығына байланысты барлық бөлімдерді аралай алмадым, бірақ келесі жылы міндетті түрде тағы барамын, – деп бөлісті Гүлназ Успанова.
Ғылыми-көпшілік демалыс күнінің форматы фестивальдің негізгі идеясына сәйкес келеді – ғылым мен білім берудегі жаңа әдістерді кең аудитория: оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасында насихаттау.
НЗМ мұғалімі франциялық «Stage on Stage» командасының мүшесі Майкл Грегори оның жобасына қызығушылық танытып, одан әрі ынтымақтастықты ұсынғанын айтты. Кейін Гүлназ Боранбайқызы өзімен бір бағыттас Болгариядан келген STEAMSE мұғалімі Румянка Галчавовамен танысып, бірге жұмыс істеу туралы ойлары барын да жасырмады.
– Ең үздік қазақстандық мұғалімдердің ғылыми STEAM жобалары мен білім беру шешімдері ұсынылған шығармашыл мұғалімдердің арнайы көрмесінде «өте ұсынылады» сертификатын алған NIS Ақтөбе жобасы да болды. Айта кетерлігі, Гүлназ Боранбайқызының жұмысына шетелдік сарапшылар оң баға берген, – дейді Ақтөбе қаласындағы NIS директорының орынбасары Айгүл Асанова.
PRO.NRG FEST Қазақстанда STEAM білімін дамытатын «Білім керуені» білім беру қорының бастамасымен өткізіледі. Фестиваль Қазақстан Республикасы Білім министрлігі, «Шеврон» компаниясы және білім берудегі заманауи трендтер туралы басылым Peremena.media-ның қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Бейсенбі күні Гүлназ Успанова Зияткерлік мектепте өз жұмысымен, шетелдік әріптестерінің ұсыныстарымен және жеке бақылауларымен бөліседі. Бұл басқа мұғалімдерге мотивация болатынына сенімді.