Бүгін Ақтөбедегі физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дүниежүзілік авторлық құқық және кітап күніне орай «Кітап әлемді бағындырады» акциясы өтті. Шара барысында 400 кітап сүйер қауым кітап алмасу акциясына қатысты.
Ережеге сәйкес әрбір қатысушы өзінің жасырың жұбына кітап ұсынады. Зияткерлік мектеп оқушылары, мұғалімдері және қызметкерлері акция басталған кезде ғана жүздесіп, кітап сыйлайды.
Сонымен қатар акция қатысушылары «Угадай, кто я?» ойынына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ойын шарты бойынша олар кітаптың кейіпкері болып киініп келулері керек. Ең үздік костюм киген оқушыларға сыйға кітаптар тарту етілді.
Жобаның негізгі мақсаты оқу мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бұл кітап алмасу іс-шарасы республикамыздың барлық Зияткерлік мектептерінде бір уақытта өткізілді.