Ақтөбе қаласы NIS он бірінші сынып оқушылары салауатты өмір салтын сақтау үшін қосымша жасады

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Аружан Бақыт, Сая Құрманалина және Аружан Амангелді «Saule» мобильді қосымшасы үшін «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық байқауында күміс медаль жеңіп алды.

«Saule» мобильді қосымшасы балалар мен ересектерге экологиялық таза өмір салтына интерактивті және ойын түрінде көшуге мүмкіндік береді. Балалар ойнап отырып, ойынның әр деңгейінде қоршаған ортаны қорғау тақырыптарының бірін меңгереді. Ересек пайдаланушылар үшін салауатты өмір салтын сақтай алатын кең ауқымды функционалдық мүмкіндіктер қарастырылған. Және жеткен жетістіктерімен бөлісіп, достарымен жарысады алады. Қосымша Android платформасында жасалған.
11-сынып оқушылары қосымшаны «Saule» деп атауды жөн көрді, өйткені олар осы мәселеге «жарық түсіріп», ашып көрсеткісі келеді.
– Мектептер мен университеттерде еш жерде өмір салтына экологиялық қауіпсіздік мәдениеті негіздері оқытылмайды. «Табиғатқа зиянынды тигізбе» дейді, бірақ мұның жолын ешкім түсіндірмейді, – дейді Аружан Бақыт.