АҚТӨБЕ НЗМ ШӘКІРТТЕРІ ӨЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫНА АЛАНДАУЛЫ

Бүгін НЗМ желілік ғылыми жобалар байқауында ақтөбелік зияткерлер «Жасыл карта» жобасын ұсынды. Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 F сынып оқушылары Дүскенов Диар мен Еспанова Жанель өз қалаларының ластану мәселесін зерттеуде.

Ақтөбе Қазақстандағы ластану деңгейі жоғары қалалардың үштігіне кіреді және қаламызда қоқыс мәселесі өзекті болып отыр. Бұл жағдай жыл өткен сайын азаматтардың алаңдаушылығын арттырып, нәтижесінде оқушылар мен студенттер түрлі жобалар мен идеяларды жасап, дамытуда. ⠀

Мысалы, қаладағы жағдайды жақсарту мақсатында 12-сынып оқушылары Дускенов Диар мен Еспанова Жанель қайта өңдеуге болатын материалдарды жинау орындары бар интерактивті карта жасауды ұйғарды. Карта мүмкіндік береді:⠀

• Қоқыс қабылдау пункттерінің орналасқан жерін көруге⁣ ⠀

• Осы пункттер туралы әртүрлі ақпарат алуға

• Әр түрлі қалдықтардың қауіпі туралы ақпарат алуға ⠀

• Дерекқорды толықтыруға (белгілі бір қоқыстың бағасы, қандай қоқыс және т.б.)

– Бұл жоба қайта өңделетін материалдардың түрлерін кәдеге жаратып қана қоймай, оған ақша табуға да мүмкіндік береді. Бағдарламаның жан-жақты ойластырылғанын және қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізетінін байқауға болады. Бұл жобаның келешегі зор және болашақта Ақтөбенің ғана емес, басқа қалалардың экологиялық мәселелерін шешуге септігін тигізеді, – дейді жоба жетекшілерінің бірі Нұрлыбай Ұзақбаев.