Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасында «Tasty Books» жеуге болатын кітаптар фестивалі өтті. Дәстүр бойынша оған 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.
Кондитерлік шедеврлерді жасауға 40 минут беріледі. Балалардың міндеті – өз қолдарымен кітап тортын дайындау. Іс-шараға ата-аналар да қатысып, балаларға ингредиенттерді дайындауға, кремдер жасап, жеуге болатын кітаптарды құрастыруға көмек берді.
Шара соңында әр команда өздерінің кітаптарын ұсынды. Балалар жұмыстың қысқаша мазмұнын немесе кітаптың қызықты сәттерін айтып берді. Барлық торттар сыртынан кітаптарға ұқсайды. Дайындалу барысы қазылар алқасы тарапынан бақыланып, әр шығармашылық топтың жұмысын жоғары бағаланды. Жеңімпаздар анықталып, қалған командаларға «Ең әсерлі презентация», «Ең дәмді кітап», «Ең ұйымшыл ұжым» номинациялары бойынша сертификаттар берілді.