«Ақтөбе» газеті: NIS оқушылары ауадан ауызсу алуға болатын құрылғы ойлап тапты

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үш оқушысы — Арман Жалғасбаев, Төлеген Айтени және Ернұр Жанғалиев су тапшылығы мәселесін зерттеп, оның шешімін тапты. Олар ойлап тапқан «AquaPAC» құрылғысы арқылы ауадан ауызсу алуға болады.

Ғаламдық мәселелерді шешуге бағытталған жоба авторлық құқыққа да ие.

— Әлем бойынша жылына 2 миллионнан астам адам сапасыз су салдарынан көз жұмады. Ауызсудың жетіспеушілігінен адамдар тұзды немесе ластанған су ішуге мәжбүр. Зерттеу барысында анықталған бұл деректер жобаның өзекті екендігіне дәлел. Ал біз ойлап тапқан құрылғының көмегімен ауадан су алуға болады: алдымен конденсация әдісі арқылы бу сұйықтыққа айналады, сүзгіден өтеді және ультракүлгін сәулелер арқылы өңделеді, — дейді жоба авторының бірі Арман Жалғасбаев.

Дереккөз: https://aqtobegazeti.kz/?p=98005