«Aqtόbe» телеарнасы: Назарбаев Зияткерлік мектебіне іріктеу жүріп жатыр

Қаламыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне алдағы жаңа оқу жыл үшін талапкерлерді қабылдау басталды. Айта кетеік, бұл білім ордасында 120 оқушыға ғана орын бар. Мұнда кез-келген білімді оқушы құжат тапсыра алады. Іріктеу жұмысы қаңтар айының 23-не дейін жүреді. Дәл қазіргі сәтте 500-ге жуық оқушы қатысуға өтініш түсірген. Санитарлық тапапқа байланысты биылғы іріктеудің өз ерекшелігі бар. Талапкерлер наурыз айында  екі күн бойы  тест тапсырады. Бұрынғы 5 пәнге биыл жаратылыстану пәні қосылады. 

Дереккөз: https://aktobetv.kz/kz/news/society/nazarbaev-ziyatkerlik-mektebine-irikteu-zhurip-zhatyr