«Aqtόbe» телеарнасы: Қоғам белсенділері марапатталды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы үлкен маңызға ие. Жоба аясында мектеп волонтерлары қоғамдық жұмыстарға етене араласып, халықтың алғысын алып келеді. Қайырымдылық пен экологиялық, білім мен серіктестік бағыттарында әлеуметтік жобалар мен акциялар ұйымдастырып жүрген еріктілер қозғалысына барлық мектеп оқушылары мүше. Жетекшісі – 11В сынып оқушысы Диас Шымбай. Ол ТЖ кезінде ел үшін алдыңғы сапта қызмет етіп, азаматтық белсенділік танытқаны үшін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлының алғыс хатын алды.

Дереккөз: http://aktobetv.kz/