Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған шахмат турнирінде 🌱Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы НЗМ оқушылары 🎉жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынды жеңіп алды. Алдымен облыс деңгейінде өткен жарыста жүлделі бірінші орынды иеленген зияткерлер республикалық командалық шахмат турниріне жіті дайындалды. Команда құрамында 🔹Адема Жоламанова, 🔹Әлімжан Серікбай, 🔹Жалғас Дінмұхаммед және 🔹Бағжан Нұрланұлы өнер көрсетіп, ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының медальдары және дипломдарымен марапатталды. Айта кетсек, елімізде оқушылар арасында жыл сайын өткізілетін «Ақбозат» ұлттық лигасы биыл онлайн форматта 💻Lichess платформасында өтті.
⠀
«Ақбозат» республикалық шахмат турнирінде ақтөбелік зияткерлер 2 орынды иеленді
