Жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық деңгейде өткен ІІІ «Абайтану» олимпиадасында 🌱Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зиятерлік мектебінің 9D-сынып оқушысы Айшат Темірбаева І дәрежелі дипломмен марапатталды. 📌«Абай шығармашылығы мен Алаш идеясының өзектестігі» тақырыбында ұсынылған эссе әділқазылар алқасы тарапынан үздік деп бағаланды. 🔸Жетекшісі – Димисанова Алтынай Батырханқызы. Құттықтаймыз!⠀
📌Айта кетсек, 23-24 қаңтар аралығында онлайн форматта өткен республикалық байқау екі кезеңнен тұрды: бірінші айналымда қатысушылар Абайдың қара сөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазса, екінші айналым сұрақ-жауап түрінде жүзеге асты.