Айқанаттықтар «100 күйдің тарихы», «Қазақтың 100 әні» жобаларымен танысты

Арнайы Hackathon IQanat балалары үшін «100 күйдің тарихы», «Қазақтың 100 әні» жобалары аясында «Әйгілі Құрманғазының 5 күйінің шығу тарихы» тақырыбында сабақ және домбыра тартудан шеберлік сағаты ұйымдастырылды.⠀Сондай-ақ балалардың «Қазақтың 100 әні» тізіміне енген әндер, олардың авторлары мен орындаушылары туралы білімдерін тексеру мақсатында викторина өткізілді. «Мелодия тап» ойыны өткізіліп, шара караокеде ән шырқаумен аяқталды.⠀⠀⁣⁣⠀ ⠀⁣⁣⠀

Хакатон қатысушылары үш топқа бөлініп, бірінші топқа домбыра тартуды үйретті.⠀Екінші топта «Құрманғазы – күйдің негізін салушы» атты шеберлік сыныбы, үшінші топта «Құрманғазының атақты 5 күйінің шығу тарихы» атты сабақ ұйымдастырылды.⠀Сабақ «Кахут» бағдарламасында өтіп, қатысушылар 5 күйдің шығу тарихын түсіндіріп, бір мезгілде ойнады.⁣⁣⁣⠀ ⁣⁣⠀

«100 күйдің тарихы» жобасы қазақ халқының ұлттық шығармашылығын, құндылықтарын зерделеу мен насихаттауға және халық аспаптарын дәріптеуге бағытталған. «Қазақтың 100 әні» жобасы жастар арасында ұмыт болған әндер мен олардың авторларын жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды. Жобада әр кезеңдегі әндер бар.