Ақтөбедегі NIS-те мектеп президентін ұлықтау рәсімі өтті. Мектеп директоры Сәуле Өмірбекова 11-сынып оқушысы Әсия Бралина мектеп президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Сонымен қатар, былтырғы президент Бейбарыс Жұмағалиевті және оның командасына алғыс хат табыс етіп, өткен жылғы жұмысын атап өтті.
Мектеп президенті – мектептегі өзін-өзі басқарудың жоғары сайланатын тұлғасы, мектеп оқушыларының мүдделерінің өкілі және құқықтарын қорғаушы. Президент мектеп парламентінің төрағасы болып табылады.
Мектеп президентін сайлауға оқушылардың жартысынан астамы қатысты. Жаннұр Әйіп те мектеп президенті лауазымына өз кандидатураларын ұсынды. Үміткерлердің әрқайсысы өздерінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Ең көп дауысты Әсия Бралина жинады. Әсия оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдап, оған сенім артқан мектеп қауымына алғыс білдірді.
Оқушылар мен ұстаздар мектептің жаңа президенті мен оның командасын ерекше құрметпен қарсы алды.