Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша Ақтөбе қаласындағы NIS -те жаңадан келген жетінші сынып оқушылары үшін бейімделу апталығы өз жұмысын бастады.
Бүгін жас зияткерлер мектеп ішін аралап, білім ордасындағы қауіпсіздік ережелерімен танысты. Сонымен қатар кураторлық сағаттарда мектептің миссиясы мен құндылықтары талқыланып, психологиялық қызмет «Мен жаңадан келдім. Мектепте бейімделу қаншалықты оңай?» тренингін жүргізді.
Апталық барысында студенттердің академиялық және әлеуметтік бейімделуі үшін математика және қазақ, ағылшын және орыс тілдері мұғалімдерімен сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ кураторлық сағаттар, психологтар мен кітапханашылар дайындаған тренингтер, тимбилдингтер мен квесттер, және олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарының TEDx баяндамалары жоспарланған.