Білім мен тәрбиені ұштастырып, оқушылардың бойында гуманистік, патриоттық және мейірімділік қасиеттерін дамытуға бағытталған 🌱Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 📌«Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы үлкен маңызға ие.
⠀
✔️Жоба аясында мектеп волонтерлары қоғамдық жұмыстарға етене араласып, халықтың алғысын алып келеді. Солардың бірі – мектебіміздің 💚«NIS volunteers» клубы. Қайырымдылық пен экологиялық, білім мен серіктестік бағыттарында әлеуметтік жобалар мен акциялар ұйымдастырып жүрген еріктілер қозғалысына барлық мектеп оқушылары мүше. Жетекшісі – 11В сынып оқушысы Диас Шымбай. Ол ТЖ кезінде ел үшін алдыңғы сапта қызмет етіп, азаматтық белсенділік танытқаны үшін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлының алғыс хатын алды.
⠀
Сондай-ақ 8С, 10В, 11D сынып оқушыларынан құрылған 💙«Мұрагер» шаңырағы «Үміт» сәбилер үйіне барып, 🎊Жаңа Жыл қарсаңында балаларға ертегі кітаптар, ойыншықтар мен термо-кілем сыйлады. Бұл игі іске мектебіміздің ата-аналары да белсенді атсалысты.
⠀
Ал өзін-өзі басқару ұйымы өткізген «Warm Heart» қайырымдылық марафоны Ақтөбе қаласындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды азық-түлік, жеке қорғаныс құралдары және қажетті дәрумендермен қамтамасыз етіп, бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар тарту етті.
Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл…
