II облыстық математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық конкурсы

25-26 наурыз күндері II облыстық математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық конкурсы өтті. Ақтөбедегі NIS-тің математика бірлестігі ұйымдастырған байқау өңірдегі жалпы білім беретін мектеп ұстаздарының басын қосты. Эпидахуалға байланысты білім сайысы биыл онлайн форматқа ауыстырылып, дәстүр бойынша екі бөлімнен тұрды. Конкурстың олимпиадалық кезеңінде педагогтар өз білімдерін сарапқа салды. Нәтижесінде облыс бойынша 55 қатысушының ішінен топ жарып, бас жүлдені Ақтөбе облыстық М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Жилгельдин Бауыржан Жексенғалиұлы иеленді.

 

Жүлделі I орын иегерлері:
Сарин Тимур Берікбайұлы – Темір ауданы, Шұбарқұдық гимназиясы
Курашов Арыслан Алда-Онгарович – Ақтөбе облыстық М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты
Исағалиев Әнуар Аманжолұлы – Ақтөбедегі Aqbobek International School

 

Жүлделі II орын иегерлері:

Нұрғалиева Диана Алыбекқызы – Темір ауданы, Шұбарқұдық гимназиясы
Абрахманов Аманжол Алда-Онгарович – Мәртөк ауданы, №2 мәртөк мектеп гимназиясы
Ахметова Гульжан Закулгадиновна – №44 ауысымдық ЖББМ

 

Жүлделі III орын иегерлері:

Жоламан Мейрамбек Мұратұлы – Мұғалжар ауданы, Еңбек негізгі орта мектебі
Нуртаза Галина – Ырғыз ауданы, №2 Ырғыз орта мектебі
Италмасов Еркебулан Абдолхамитович – Ырғыз ауданы, №2 Ырғыз орта мектебі
Кокишева Мирамгуль Ахметкереевна – Темір ауданы, Шұбарқұдық гимназиясы
Байшуақов Нұрбек Құдабайұлы – Байғанин ауданы, Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебі

 

 

Байқау облыстағы үздік математиктерді анықтап қана қоймай, біліктілікті арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері конкурс барысында арнайы шеберлік сағаттар мен вебинарлар өткізді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, байқау жоғары дәреже өткен, бұған дәлел – қатысушылардың жылдан жылға артуы.

– Биыл конкурс қашықтан өтсе де, ұйымдастыру шаралары әдеттегідей қарқынды жүргізілді әрі әділ өтті. Қазылар алқасының құрамында мектебіміздің білікті мамандары Ерғали Құрманғалиев, Мейрамбек Мұқаш, Альфия Медведева, Нұргүл Асқарова, Ерғали Хамзин болды. Онымен қоса математика кафедрасының барлық педагогтары өз білімдерімен бөлісіп, байқаудың пайдалы әрі қызықты өтуіне елеулі үлесін қосты. Бұл қатысушылардың қызығушылығын арттырғаны сөзсіз, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Бекзат Байдирахманова.

Шара соңында жүлделі орын алған ұстаздармен қатар, белсенділік танытқан 8 мұғалімге диплом мен сертификаттар табысталды. Қатысушылар алғыс білдіріп, өз пікірлерімен бөлісті.