5-сынып оқушыларының назарына! Виртуалды мектепке тіркелу басталды!

Ағымдағы жылдың 28 наурызынан бастап 15 мамырға дейін облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 5-сынып оқушылары үшін Виртуалды мектепке тіркелу басталды. Үміткерлер 11 сәуір мен 15 мамыр аралығында Виртуалды мектептің тапсырмаларын орындайды. 9 мамыр мен 15 мамыр аралығында қорытынды бағалау жүргізіледі. Виртуалды мектептен сәтті өткен үміткерлер маусым айында өтетін Каникулярлы мектепке жолдама алады.

Виртуалды мектеп – бұл Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге ынталы оқушыларды математика, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен қосымша қолдауға бағытталған ақысыз онлайн платформа.

Виртуалды мектеп жайлы толық ақпарат 🌐https://vs.nis.edu.kz/ сайтында⏩