Құрметті 5-сынып оқушылары мен ата-аналары, Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі сіздерді 3 ақпанда өтетін АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ шақырады.
Сіздерге Зияткерлік мектептегі конкурстық іріктеу туралы қосымша мәлімет беріледі және мектеп ішіне экскурсия ұйымдастырылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектепке келу үшін арнайы сілтемені пайдаланып, тіркелу керектігін хабарлаймыз.
Сағат 16:00-ден кешікпеуіңіз сұралады.