17 наурыз – Тарихқа тағзым күні

17 наурыз – Тарихқа тағзым күні. Осы орайда Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары үшін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды. 90 жылдық тарихы бар мәдени ошақ өлкеміздің өткені мен бүгіні туралы сыр шертетін құнды жәдігерлерді сақтап келеді. Зияткерлер мұражайдағы экспонаттардың әрқайсысымен тереңірек танысып, тарихи маңызы мен тағылымын бойына сіңірді. Экскурсия барысында олар минералогия, палеонтология, ботаника, археология, тұрмыс пен этнография, қол өнері мен зергерлік бұйымдар, нумизматика, сирек кітаптар, деректі құжаттар, фотоматериалдар коллекцияларын тамашалады. Ресми деректерге сүйенсек, мұнда 115 мыңнан аса экспонат есепке алынған. Педагог-ұйымдастырушы-кураторлардың айтуынша, мектеп қабырғасындағы жастарды патриотизмге тәрбиелеу тарихтан бастау алады.